Әлеуметтік -педагог: Нурсеитова Гульнафис Тлеулесовна » Государственное учреждение "Сумбинская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сүмбе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 5-11-13
Есепші бөлімі:
+7(72778) 5-11-13
Электрондық почта:
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

Әлеуметтік -педагог: Нурсеитова Гульнафис Тлеулесовна

          Мен, Нурсеитова Гульнафис Тлеулесовна Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Ақсу ауданы Ақын – Сара ауылында 1978 жылы 1 маусым күні дүниеге келдім.  Осы аталған ауылда 1986 жылы Абай атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1995 жылы 11 сыныпты осы аталған мектепте үздік аяқтадым.

          1995 – 1996 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Академиясының гистология-цитология кафедрасында лаботант қызметін атқардым. 

          1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің биология- география факултетінің биология бөліміне оқуға қабылданып, 2000 жылы биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым.

          2000-2003 жылдары туған жерім қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақын – Сара ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде биология – химия пәнінің мұғалімі болып ұстаздық жолындағы еңбек өтілімімді бастадым. Отбасы жағдайыма байланысты 2003-2007 жылдары жұмысымды Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы №91 орта мектепте және №82 орта мектепте (негізгі және қосымша) биология – химия, валеология сабақтарынан дәріс беріп жалғастырдым.  

           Тұрмыс құруыма байланысты 2007 – 2009 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы елді мекеніндегі Ж.Құдайбергенов атындағы №2 орта мектебінде биология – география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.

            Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаннан кейін, Сүмбе ауылына отбасы жағдайыммен ауыстым. 2009 жылдан бастап, осы күнге дейін Сүмбе орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. 2017 жылдан бастап әлеуметтік педагог қызметін атұарып келемін.




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив